Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «АУЫЛ АМАНАТЫМЕН» ТАБЫС ТАБА БАСТАҒАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

96қаралым
Түлкібас ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 188 млн. теңгеге 31 жоба қаржыландырылды. Табыс табудың тағы бір жолы ретінде жүзеге асып жатқан жаңа жоба
Түлкібас ауданындағы Мичурин, Балықты, Рысқұлов, Шақпақ ауылдық округтерінде енгізілді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданға іссапары барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіп ашып, шаруасын ұлғайтқан кәсіпкерлермен кездесті.
Мемлекеттік қолдау аясында жеке кәсіпкер атанған Қалдарбекованың Түлкібас ауданына қарасты Мичурин ауылдық округіндегі шаруа қожалығында болды. 1,5 га жерге құлпынай егіп, тамшылатып суару әдісі арқылы мол өнім жинап отырған кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы арқылы мемлекеттен 7 млн.тг көлемінде 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, қосымша тағы 2 гектарға жуық алқапқа құлпынай өнімін отырғызуды қолға алған. Италиялық сұрып ерте көктемнен бастап, қара күзге дейін жылына 30 тонна жеміс береді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы біздің облыс үшін өте маңызды. Бағдарламаның аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар.
— Өздеріңіз білесіздер, облыс тұрғындардың басым бөлігі ауылды елді мекендерде тұрады, нақты айтқанда 80 пайызы немесе 1,6 млн. адам. 1 млн.-ға жуық ауыл тұрғындарының экономикалық әлеуеті ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударады. Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы біздің облыс үшін өте маңызды.
Бағдарламаның аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар, — деді жаңа жобаның көмегімен кәсіп ашқан азаматтармен жүздескен облыс әкімі.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Майтөбе ауылындағы «Мөлдір» ЖШС кәсіпкерлік орталығының жұмысымен танысты. 616 га бау-бақшада 200 га жерге жүзім, 110 га жерге алма егілген. 50 гектар жерге шиенің (черешня) «Американка» атты түркиялық сортын еккен.
Түлкібас ауданында бау — бақша көлемі 3062 га құрап отыр. Оның ішінде 644 га жерді алатын қарқынды бау тамшылатып суару жүйесін қолданады.
Please follow and like us: