Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

COVID-19: ШЫМКЕНТ +137

121қаралым

Шымкент қаласында 30 тамыз күні КВИ-дің 137 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 117, белгілері жоқ – 20). 92 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 25 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 050 орын бар, төсек орын толымдығы 56%-ды құрайды, 1333 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1717 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 504 төсек орын бар, 323 науқас ем қабылдауда.

Соңғы тәулік ішінде қалада 3002 адам вакцина алды
(I компонент-1649, II компонент-1353). Егу науқаны басталғалы барлығы 426 837 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 358 809 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 325 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 3 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мамандар карантин талаптарын қатаң сақтап, вакцина салдыруға шақырады. Екпе алып, қалыпты өмірге бірге оралайық!

Please follow and like us: