АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАҒАН ЖИЫН
Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында сот төрағасы А.Сұлтанов сот төрелігін жүзеге асыру барысындағы сандық және сапалық оң көрсеткіштері туралы баяндап өтті. – Еңбекші аудандық сотына 2020 жылдың 12 айында 424 тұлғаға қатысты 380 қылмыстық іс түсіп, 38 тұлғаға қатысты 34 қылмыстық іс 2019 жылдан қалдық ретінде өтіп, жалпы сот өндірісінде 414 қылмыстық іс болған. Жалпы 419 тұлғаға қатысты 375 қылмыстық іс аяқталып, 227 тұлғаға қатысты 197 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі, 4 тұлғаға қатысты...