Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде...
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы филиалы департаментінің басшысын қабылдап, саладағы өзекті мәселелерді...
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында ағаш бұтақтарына санитарлық кесу, тазалық және аула аумағындағы ағаштарды суғару жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Сайрам, Елшібек батыр және Ш.Уалиханов көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында атқарылуда. Жауапты мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-і тарапынан кестеге сәйкес орындалуда. Айта кетейік бұл жұмысқа 4 техника мен 35 жұмысшы жұмылдырылған. Жұмысшылардың еңбегі аудан тұрғындары тарапынан әрқашан бағаланып, алғыс және ризашылық көңілдерін білдіруде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады....
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары бойынша есебін...
Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында заңсыз орнатылған жарнамаларды жою мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының қызметкерлері қатысты. Рейд барысында негізгі көшелердің бірі Темірлан тас жолы бойындағы заңсыз орнатылған жарнамалар анықталды. Нәтижесінде 15 заңсыз жарнама аудандық кірістер басқармасына тіркеуге жолданып, 10 жарнаманың заңдылығы анықталуда. Сонымен қатар, рейдтік топ жарнама иелеріне заңсыздық қайталанған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы яғни, тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқан жағдайда әкімшілік шара қолданылатындығы туралы...
«5-10-20 Шаңырақ» бағытының талаптарына сәйкес, тұрғын үй кезегінде тіркелген төлемге қабілетті барлық санаттағы азаматтардың өтінім жіберу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған бағыт...
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасын бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады. Жалпы биыл шаһарда 21, 9 шақырымдық 9 магистарды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында Б.Момышұлы, Бәйтереков, Рысқұлов, Тәшенов, Иляев, Шаяхметов, Ақназар хан және Клара Цеткин көшелері бар. Мәселен, дәл қазіргі уақытта Бәйтереков көшесінде жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салу жұмыстары атқарылуда. Жөнделетін көшенің ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Жауапты мердігер мекеме – «Профиленд» ЖШС. Жалпы жол құрылыстары жоспар бойынша қараша айының соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде....
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді...
Шымкент қаласында Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы (А-2 жолынан М-32 жолындағы жолайрыққа дейін) қарқынды жүргізілуде. Көшенің жалпы ұзындығы – 7,6 шақырым,...