МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ
Шымкент қалалық «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтардың қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Іс-шарада 1 ай көлемінде жасаған жұмыстарын көрсетті. Орталықта белсенділік танытып жүрген он шақты қызмет алушының өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарына мекеменің еңбек нұсқаушылары – Динара Сағынтай, Айдана Жораева, Мақсат Сәрсембаев өз бағаларын берді. Бірінші топтағы мүгедек, 55 жасар Гүлжан Үсіпбекова тоқыма өнерінің еркін меңгергенін көрсетіп, тоқыған жекеттері мен баскиімдерінің ерекшелігімен көзге түсті. – Қазақ халқының оюлары, қолөнері – ең басты қазынамыз. Өзіме ұлтық нақыштағы киімдер тігіп, әшекей тастармен безендірген қатты ұнайды. Іске жан-тәніммен кіріскендіктен...