ШЫМКЕНТТЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ТИЕЛГЕН КӨЛІКТЕР РИДДЕРГЕ АТТАНДЫ
Бүгін Шымкентте «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өрттен зардап шеккен Риддер қаласы Лесхоз кентінің тұрғындарына гуманитарлық жүк тиелген 2 көлік жолға шықты. Қала жастарының бастамасымен ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысты. - Жастардың белсенділігі, елдің ынтымағы, ауызбіршілігі жайбарақат кезде емес, осындай елдің басына қиындық түскен кезде көрінеді. Қала жастары бірігіп, Риддердегі жерлестерімізге көмектесіп, халық арасында үндеу тастап, 2 жүк көлігімен гуманитарлық көш-керуенді жасақтаған екен. Мемлекеттіліктің мәнін түсініп, игі іске атсалысқан барша азаматтарға, қала жастарына шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлының атынан зор...