Яндекс.Метрика

Мәселе

ЖаңалықтарЗаң және қоғамҚоғамМәселе

КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ БІЗ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ

Қазақстан – көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекет. Елімізде 130-дан астам ұлт пен 18 конфессия өкілдері өмір сүреді. Әр түрлі ұлт пен дін өкілдерінің елімізде тату-тәтті, тыныштықта өмір сүрулерінің негізі – қазақ ұлтының кең пейіл, бауырмалдылығы мен мемлекетіміздің көрегенді саясатты жүргізуі болып табылады. Конфессияаралық келісім – Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық. Әр түрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту - саясаттан бөлек адамгершілік құндылық болып табылады. Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер арасында сенімді байланыстар орнықтыратын өркениетаралық үнқатысу алаңына айналуы – Елбасының жаһандық үнқатысуға бағытталған...
ЖаңалықтарКөкейтестіҚоғамМәселе

ЕЛІМІЗДЕГІ ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Әрбір мемлекеттің діни білім беру жүйесінің қалыптасуындағы басымдықтарды бірінші кезекте мемлекет құрушы ұлттың діни қатыстылығы айқындайтыны белгілі. Мұсылман қазақ ұлтының отаны – Қазақстандағы діни білім беру жүйесі соңғы жүзжылдықтарға дейін бірыңғай ислами арнада дамыды. Қазақстандағы ислами білім беру жүйесінің ерте орта ғасырлардан басталған мың жылдан аса тарихы мен тәжірибесі бар.  Ең алғашқы ислами орта оқу орындар Түркістан өлкесінде пайда болғаны тарихтан белгілі. Орта ғасырларда бірыңғай рухани мәдени кеңістікте өмір сүрген Орталық Азияда медреселер жүйесі дәстүрлі ханафи мәзһабы мен матуриди сенімі негізінде ерекше қарқынмен дамыды. Медреселер көбіне мешіттердің жанынан салынды. Бұхара,...
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ

Дін - дүниедегі әрбір жан иесінің өмір сүру үлгісі, екі дүниеде де бақытты болуға жетелер нәзік жол. Дәстүр- әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Әрбір ұлттың ұстанар діні, өзіндік ғұрыпы, дәстүр сабақтастығы мен бір ұлтты екінші ұлттан өзгешелейтін мінез-құлық ережесі және өмір сүру ерекшелігі болады. Ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің яғни, діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары болуы қажет. Біз – өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы...
ЖаңалықтарЗаң және қоғамКөкейтестіҚоғамМәселе

МИЛЛИОНДАР ҚАЙДА немесе НАУРЫЗҒА ҚАНША ҚАРАЖАТ ЖҰМСАЛДЫ?

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласында тойланған Наурыз мерекесіне жұмсалған миллиондар қызу талқыға түсті. 572 млн-ды бір күнде жұмсайтындай мәдениет басқармасы айға...
ЖаңалықтарЗаң және қоғамМәселе

ПӘТЕРДІ ТӘУЛІККЕ ЖАЛҒА БЕРУ БОЙЫНША РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына қарасты №21 учаскелік полиция пункті қызметкерлері және Жедел қимылдайтын арнайы жасағының өкілдерімен Желтоқсан көшесі 17 үй аумағында жалға берілетін пәтерлер бойынша рейдтік іс-шара жүргізілді. Шара барысында жалға пәтер беруші азаматтарға және жалға пәтер алған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеке бастарын анықтау үшін 9 тұлға жеткізіліп, қол-саусақ іздері алынды. Ал 2 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар...
1 47 48 49 50 51 63
Page 49 of 63