Шымкент қаласындағы балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен бес жасар бала ауыр халде жеткізілген. Денсаулығы сыр берген балақайды дәрігерлер жансақтау бөілімне...
Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалардың жұмысы қатаң бақылауда. Мобильді топ қызметкерлердің науқастарға үй жағдайында дұрыс амбулаторлық қызмет көрсетуін...
Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында биылғы жылы Еңбекші ауданындағы 13 көшеге кәріз жүйесі тартылуда. Бүгін Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек «Ұлағат» шағын ауданында жүргізіліп жатқан кәріз жүйесінің құрылысын қадағалады. Мердігер мекеме «Алем Строй-1» ЖШС-нің құрылысқа жауапты өкіліне қауіпсіздік шараларын басты назарға алуды және жұмыстарды сапалы атқарумен қатар қалпына келтіру жұмыстарын да жүргізуді тапсырды. «Ұлағат» шағын ауданындағы құрылыс жұмыстар 2022 жылға өтпелі. Шағынауданда жалпы ұзындығы 40,9 шақырым кәріз құбыры жүргізіледі, қазіргі таңға 2021 жылға жоспарланған 12 шақырым құбырдың 8 шақырымы тартылды. Кәріз құбырын...
Қала әкімінің тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудан аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үй аулаларының санитарлық тазалау жұмыстарына бақылау жүргізді. Мердігер мекемелерге тазалық жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Абай ауданы бойынша 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. Мұнда тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, мүлік иелерінің бірлестігіне тіркелген көп қабатты тұрғын үйлер де бүгінгі таңда нәтиже беруде. Мәселен, тұрғын үйлердің қасбетін реттеп, күтіп ұстау жұмыстарын тұрғындар өз есептерінен жүргізуде. Жалпы аудан бойынша мүлік иелерінің бірлестігіне 42 үй тіркелсе,...
«Нұрсәт» шағын ауданында 10 үйге ортақ алаң абаттандырылып, көгалдандырылуда. Бір кешенді құрайтын тұрғын үйлер 2019-2020 жылдары әлеуметтік тұрғыда осал топтарға жататын отбасылар мен жастарға берілген болатын. Аулада заманауи үлгідегі балалар алаңшалары мен жаттығу тренажерларын орнату бастамасы іске асырылуда. Жасыл желектер отырғызылып, оларға су жеткізу жүйесін орнату жұмыстары атқарылған. Тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мәселесі қала басшылығының тұрақты бақылауына алынған. Бұл нысанға бүгін қала әкімінің аппарат басшысы Ғ.Мәуленқұлов пен Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов арнайы барып, абаттандыру жұмыстарын жүргізудің жүйелі тәртібін іске асыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруда тұрғындардың талап-тілегін орындау...
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделеніп отыр. Өткен тәулікте қаладағы 538 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 447-сі белгілері бар болса, 91-де белгілері жоқ. Індет жұқтырған 279 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 259 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 580 орын бар, төсек орын толымдығы 71%-ды құрайды, 1017 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2563 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 498 төсек орын бар, 338 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 7245 адам вакцина алды (I компонент-2445, II компонент-4800). Егу науқаны басталғалы барлығы 381 322...
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының пилоттық жобасы аясында шымкенттіктер мамандандырылған ХҚО-ларда көліктерін бірден сақтандыруға мүмкіндік алды. Бұған дейін бұл қосымша сервис «пилот» ретінде 2021 жылдың маусымында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында іске қосылған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиал директорының орынбасары Айдос Ашетовтың айтуынша, клиентке автокөлікті қайта ресімдеу кезінде оператор электронды сақтандыру полисін рәсімдеуді ұсынады. Бұл азаматтардың уақыты мен шығынын үнемдеп қана қоймай, адами факторды толығымен жояды. «Сақтандыру полисін рәсімдеу үшін, жүргізушінің ЖСН, телефон нөмірін, мемлекеттік тіркеу нөміріндегі деректерді және көліктің VIN-кодын ұсыну қажет. Өтінімді толтырғаннан кейін, клиентке...
Шымкентте жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде ағымдағы жылы 12 инфрақұрылымдық жоба нақтыланып, микрокредит беру және бизнесті дамыту бағыттары бекітілген болатын. Жоба аясында 12 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, 2 білім беру, 1 спорт, 1 сумен және 8 электрмен қамту нысандары бой көтеруде. Онда 392 жұмыс орындарын құру жоспарланса, оның ішінде 198 орынға азаматтар жұмысқа қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдау жоспарлануда. Бүгінде жоба аясында жалпы 230 азамат жұмысқа орналасса, орталық арқылы 154 азамат құрылыс жұмыстарына жолданды . Қазіргі таңда тартылған жұмыс күшімен нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары...
Қазіргі таңда Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 21,9 шақырым 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Республика даңғылы бойында асфальт төселіп, жаяу жүргінші, веложол және арық, құбыр өткізу жұмыстары атқарылуда. Жауапты мердігер – «Корпорация Береке-А» ЖШС. Сонымен қатар, 2021 жылы бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Рысқұлов («Шымкент Дор Строй» ЖШС), Момышұлы («Омар-Транс» ЖШС), Тәшенов («Серік Бизнес Құрылыс» ЖШС) көшесінде орташа жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Бұдан бөлек Иляев, Шаяхметов, Ақназар хан, Клара Цеткин магистралды көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Бәйтереков көшесінде «Профиленд» ЖШС тарапынан...
Шымкент қаласында індетті жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты халық көп шоғырланатын базарлар мен қоғамдық көліктерге тексеру жұмыстары күшейтілді. Бүгінгі таңда карантин режиміне байланысты барлық санитарлық талаптардың орындалуы маңызды. Атап өткенде, маска кию, санитайзерлердің болуы мен арақашықтықты сақтау сынды нормалардың орындалып жатқандығы қатаң бақылауға алынды. Бетпердесіз жүрген тұрғындар тек өзіне емес, өзгенің денсаулығына да қауіп төндіреді. Осы себепті қоғамдық көлік пен базарларда бетперде тағу міндеттелген. Мониторинг жұмыстары барысында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қоғамдық автобустарда терезелер үнемі ашық, ал кондукторлар мен жолаушылар міндетті түрде бетпердемен отыруы керектігін түсіндірді. Сонымен қатар базарларда...