Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, есірткі құралдарын сақтап, тасымалдау дерегі бойынша күдіктілерді ұстады.
Ақпарат бойынша іске кіріскен жедел уәкілдер іздестіру шаралары кезінде, Қазығұрт ауданы аумағындағы «Жібек жолы-Шымкент» тас жолы бойында күмәнді «Нексия» маркалы автокөлікті тоқтатты. Содан күдіктілердің автокөлігіне тінту жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде өсімдік тектес есірткі заттары бар полиэтилен пакет пен қағаз түйіншекті тапты.
Тәртіп сақшылары тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Есірткі сақтау, тасымалдау дерегі бойынша күдікті ретінде көлік жүргізушісі мен жолаушысы, яғни бұрын сотты болған Сарыағаш ауданының екі тұрғынын ұстады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Зерттеу қорытындысы көліктен алынған есірткінің 2,5 келі болатын » марихуана» екенін растады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайы мен күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, контрабандасы және таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сізде, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.
69
Please follow and like us: