Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

«БОЗАРЫҚ» ӨНДІРІСТІК АЙМАҒЫ — ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ НАРЫҒЫН ЖАУЛАУҒА ДАЙЫН БА?

70қаралым
🔷 Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылып жатқан индустриялық аймақтың 2023 жылы инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін салуды аяқтау жоспарлануда.
Бүгінгі таңда онда орналастырылатын құны 18 млрд. теңгені құрайтын 27 инвестициялық жобалар әзірленді. Олардың бірі құны 1,1 млрд. теңгені құрайтын консервіленген және өзге де өнімдерді, жартылай фабрикаттарды өндіру және орау үшін көкөністерді, ет өнімдерін, жемістер мен жидектерді өңдеу зауыты. Сонымен қатар, құны 1,5 млрд. теңге тұратын консервіленген ет өндірісі бар. Мұнан өзге косметикалық май және жеміс-жидек тағамдарын өндіретін зауыт, кондитерлік өнімдер өндіру, түрік шұжықтарын өндіру, нан үгіндісін өндіру, сүт өнімдерінің өндірісі, құрама жем өндіру жобасы бар. Сондай-ақ, сұйық май өндірісі, макарон өндіру, етті қайта өңдеу
🔷 Ал, өндірісті «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағы аумағына орналастыру кезінде инвесторға жалдау шартымен инфрақұрылымы жүргізілген дайын жер телімі беріледі.
Индустриялық аймақтың қатысу үшін «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның Шымкент қаласындағы Филиалы индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясынан қажетті құжаттардың тізбесін тапсырып, өтінім жазу керек. Басқарушы компания қажетті құжаттар тізбесін 3 жұмыс күні ішінде қарайды. Сонымен бірге компания қажетті құжаттардың тізбесін Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 1 жұмыс күні ішінде жібереді. Ал комиссия болып табылатын
🔷 Сондай-ақ, қала әкімінің төрағалығымен инвестициялық штаб тұрақты қызмет атқарады, онда инвестициялық жобалар мен проблемалық мәселелер қарастырылады және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіледі.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: