ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жедел желісінің соңғы мәліметіне сүйенсек, өткен тәулік ішінде еліміздің 366 азаматынан коронавирус инфекциясы табылған. Оның 46-сы — Шымкент қаласының тұрғыны.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қосымша айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19″ инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 1143-ге жетсе, жазылып шыққандар саны 446 адамды құрайды. Ал, індеттен қайтыс болғандар саны, өкінішке орай 10-ға жеткен.
Осыған байланысты, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.
Сонымен қатар еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен ҚР Парламентінің депутаты Бекболат Тілеухан тәжвирусты жұқтырған.
«Мой последний тест на коронавирус показал положительный результат. К сожалению, это не бессимптомная форма, поэтому я госпитализирован в инфекционный госпиталь.
Несмотря на все строгие санитарные меры, которые я соблюдал, риски есть всегда».