Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарКөкейтестіМедицина

БЕС ЖАСАР БАЛАНЫҢ ҮЗІЛГЕН ТАМЫРЫ ЖАЛҒАНДЫ

207қаралым

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының хирургтері 5 жастағы балаға тың әдіспен күрделі ота жасалды.

Науқас бала ауыр жағдайда жедел жәрдем қызметімен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Баланың оң тізе астынан қан кету, сондай-ақ, төмен бөлігінің көгеруі, мұздауы сынды белгілермен жансақтау бөліміне жатқызылған.

Тексеру барысында мамандар оның оң тізе асты артериясы мен тамырының толықтай кесілгенін анықтады. Егерде балаға шұғыл түрде ота жасалмаса, аяғындағы жарақаты асқынып мүгедек болып қалу қаупі басым екенін түсінген дәрігерлер ота жасауға кіріседі.

Хирургтар науқас баланың тамырларының диаметрінің кішкентай болуына байланысты, микроскопиялық LEICA ONX аппаратының көмегін пайдаланды. Нәтижесінде, мамандар үзілген тізе асты артериясын ұшпа-ұш жалғап тігіп берді.

“Отадан кейін аяқтың төменгі бөлігіне қан барып, жылып, тобық аймағында пульс пайда болды. Баланың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, үйге шығуға дайындалып жатыр. Тамырдың жарақатына дер кезінде жоғарғы медициналық көмекті дұрыс көрсетпеген жағдайда, көбіне дистальды бөлігі өкінішті жағдай ампутациямен аяқталуы мүмкін. Ата-аналарға балаларына көңіл бөліп, қауіпсіздік шараларын сақтап жүруге шақырамыз”-дейді бөлім меңгерушісі Олжас Шынтасов.

Please follow and like us: