80
Шымкент қаласында Сайрам тұрғын алабында бастауыш мектептің 120 орындық қосымша құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік нысан құрылысының 70% жұмыстары аяқталды.
Қала әкімі аталған нысанның құрылыс барысын аралап көрді.
Бас мердігер – «А.Р.Т. — Құрылыс» ЖШС. Жобаның конкурстық құны – 936 125,3 мың теңге.
Құрылыс былтыр наурыз айында басталған болатын. Биыл 1 қыркүйекке тұрғындар игілігіне тапсыру жоспарланған. 2021 жылға қаралған қаржы – 606 125,0 мың теңге. Оның ішінде игерілген қаржы көлемі – 297 398,0 мың теңге.
Please follow and like us: