95
Шымкенттік дәрігерлер оқушыларды мектеп алды тегін профилактикалық тексеруге шақырады. 2 қыркүйек күні “Асар” шағын ауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасында Ашық есік күні өтеді. Бұл күні бейінді дәрігерлер сағат 09:00-14:00 аралығында қабылдайды.
Ашық есік күнінде оториноларинголог, стоматолог, онкогематолог, педиатр, уролог, нефролог, кардиолог, травматолог дәрігерлерінен кеңес алуға болады.
Қабылдауға келу үшін арнайы жолдаманың қажеті жоқ. Аурухананың «Б» корпусындағы сәулелі диагностикалық орталығында қабылдау жүргізіледі.
Please follow and like us: