Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

БАЙБАЛАМ САЛДЫМ ДЕСЕ МӘСЕЛЕ ШЕШІЛМЕЙДІ…

67қаралым

Шымкент қаласында «балалар теміржол жабылыпты, түйені түгімен жұтып жатыр» деп құр байбалам салмас бұрын ақпаратты анықтап алып жазу керек емес пе? Шын мәнінде жөндеуде деген ақпаратты ешкім жазбады. Неге?
Әрине, қоғамға өзге пікір қалыптастыру керек-ақ шығар? Соңғы кезде қалаға қарата сын айтушылар тіпті көбейді. Сын айтылсын, өзім де сынаймын. Бірақ, айтылып жүрген сындар шын ба? Қаншалықты ақпаратты бұрып айтып жатыр? Ол кім үшін керек? Бәлкім артық айтып, артық ойлап та жүрген шығармын. Бірақ, қаламыз мегаполис атанғалы сол статусқа лайық болу керек. Ол үшін қыруар шаруаларды атқарып, қаланың көркін ажарландыру мен заманауи етіп өзгерту қалыпты жағдай. Бүгінгі таңда қоғамға пікір алмастырып, резонанс туғызу керек те шығар? Ал шындығында халыққа не керек екенін түсініп, елмен санасу керек-ақ. Айтқыштардың бәрі «халық, халық деп көлгірсуді машықтанған ба, әлде халыққа керек нәрсе, халық мұқтаж десе»—халықтың сөзін сөйледім десе қате пікір. Шын мәнінде халыққа ең керегі Баспана, Баспана тағы Баспана. Ал, балаларға керек дүниені жоймай жөндеп жатса, онда ол қуанарлық та құптарлық іс.
Баршаңызға сәттілік. Мен өз пікірімді жеткіздім. Ақпаратты таратпас бұрын нақтылап, анықтап алған артық етпейді.

А.Сулеева.

 

Please follow and like us: