Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

АЗАМАТТАРДЫ АҚЫЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАРТУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

95қаралым
Шымкент қаласында іске асырылып жатқан «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты, яғни жұмыспен қамту шараларына қатысушыларының бірі – Нұрай Зиябек. Қала тұрғыны былтыр Халықтар достығы университетін «Радиотехника электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Биыл ақпан айынан бастап «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік аймақтық телекоммуникация дирекциясының филиалына қоғамдық жұмысқа жолданды.
– Жоғары оқу орнын бітірген соң, бірден жұмыс табыла қоймады. Бірақ жас маман ретінде «Жастар практикасы» бағдарламасы бар екенін біліп, алдымен жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, сол бағдарлама арқылы «Қазақтелеком» АҚ филиалына жолдама алдым. Бұл менің алғашқы жұмыс тәжірибем еді. Бағдарламға қатысқан соң, осы жылы қоғамдық жұмыспен дәл сол мекемеде жұмысымды жалғастырып, тәжірибе жинақтап келемін», – дейді 22 жасар бағдарлама қатысушысы.
Ақылы қоғамдық жұмыстар азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. Аталған жұмыс алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейді және қатысу мерзімі 12 айдан аспайды (жыл соңына дейін). Жалақысы – 25 айлық есептік көрсеткіш (72 мың теңге көлемінде).
Айта кетейік, жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа 2 474 адамның 2778-і жолданып, жоспар артығымен орындалған.
Please follow and like us: