Ауылшаруашылық министрі Омаров Сапархан мырзаның «айды» аспанға шығарғаны ауылдағы ағайындардың жағдайына бас ауыртпайтыны белгілі болғандай? Малдарға берілетін субсидияны бергізбеуіне қарағанда шошқаға берілетін субсидияны бұрыннан «болжамдап» жүрген ба? Қалай десек те Ауылшаруашылық министрін қызметтен алуды ұсынамын.
5 айды қорытындылап есеп берген министрдің сөздерін келтірсек:
-Министрдің айтуынша, жыл басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,2 пайызға артып, трлн теңгеге жуықтады. Бұл өсім мал шаруашылығы өнімінің 2,3 пайызға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, сойылған мал етінің салмағы 3,5%, сүт 3,2% артық өндірілді.
Сонымен қатар, ірі қара мал басы 4,1%, қой 2,8%, жылқы 7,9%, түйе 4,4% және шошқа 1,5% өсті.
Азық-түлік өндірісі 2,3% артып, 743 млрд. теңгеге дейін жетті. Шұжық өндірісі 20,5% -ға (23,6 мың тоннаға дейін), макарон өнімдері — 16,1% -ға (77,5 мың тоннаға дейін), май — 14,7% -ға (8 мың тоннаға өсті.), жарма — 13,5% -ға (37,2 мың тоннаға дейін), ұн — 6,6% -ға (1,38 млн тоннаға дейін), өсімдік майы — 5,3% -ға (198 мың тоннаға дейін), қышқыл сүт өндіріс — 4,8% -ға (92,3 мың тоннаға дейін), ірімшік пен сүзбе — 4,7% -ға (13 мың тоннаға дейін).
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 5 айда 14,3% -ға өсіп, 145,1 млрд. теңгені құрады.
Сондай-ақ, Сапархан Омаров өсімдік шаруашылығы туралы да ақпарат беріп, биылғы жылы көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын айтты.
«Бүгінгі таңда егін егу жұмыстары толығымен аяқталды. Фермерлер дер кезінде қаржысы жеңілдетілген жанар-жағар маймен, сапалы тұқымдармен, тыңайтқыштармен, техникамен қамтамасыз етілді. Ылғалды жабу және егу алдындағы өңдеуді дәл уақтында жүргізгендіктен арамшөптер жойылып, топырақтың ылғалы да жақсы сақталды. Егіс науқаны жылдам және уақытылы аяқталды. Нәтижесінде көшеттер жақсы және толық болып өсуде», — деп атап өтті министр.
Алдағы негізгі мәселе — дақылдарды фитосанитариялық қорғау. Пестицидтерді сатып алуға субсидиялау үшін 37 млрд теңге қарастырылған.
Жалпы, 5 айдың қорытындысы бойынша еліміздің ауыл шаруашылығында оң динамика байқалады, Үкімет жоспарланған нәтижеге қол жеткізу үшін саланы дамыту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады-деген болатын.
Ендігі жерде жылқыға берілмейтін субсидия шошқаға келгенде жомарттық танытқан үкіметті қалай түсінеміз? Шошқа бағамыз дегендерге 140 000 теңге берілсе, жем шөбіне 40 000 теңге тағы да берілетін болыпты. Сонда, қазақтың қасиетті жануары жылқыға бөлінбеген ақшаның шошқаға берілетіні талай жанның ашу ызасын туғызғаны жасырын емес.
Қазақстан азаматтарына 42500, ал шошқаға 140 000 теңге қайтарымсыз, жыл сайын 40 000 теңге тағы беріледі. Доңыз жайылған жерге жылқысын жаймаған текті бабалардың ұрпағы едікқой… сарынды жазбалар желіде талқыда. Енді сәл артқа шегініп көрейік. Сиыр, өгіз бен жылқы, қой шаруашылығына берілетін субсидияны «дамып кеткен, еттің бағасы арзандап өткізе алмағандықтан» шаруаларға берілетін жем шөпке деген көмектермен қоса алып тастағандықтан, ауылдағы шаруалардың жағдайына бас ауыртпаған министрдің бізге керегі бар ма?
Ауылдағы ағайындардың жағдайы «иіс сезбейтін» министрдің мұрнына бармайтыны өкінішті ақ? Ауылдағы жем шөп бағасын білер ма екен? Аптап ыстықта төбесінен күн өтіп, адал еңбектерінің жемісін жей алмауы, көктем мен күзде шаруалардың бас ауыртар жағдайы басталатынын Төрде отырған билік қайдан білсін? Салқын кабинет, қырлары пышақтың жүзіндей шалбар мен былғары сумка ұстаған министр аптап ыстықта қанша уақытқа шыдар екен? Кабинетте желдеткіштері жұмыс жасамай қалса көмекшілер зыр жүгіріп, (тіпті өздері желдетіп тұрудан кет әрі емес) бастығының жағдайын жасауға асығатындар шаруалардың да жағдайына солай бас ауыртса қандай жақсы болар еді?
Сонымен, ауылшаруашылық министрге «жарымады ау» деген жеке пікір туындағаны жасырын емес..Шын мәнінде Ауылшаруашылық саласына ауылдан шыққан, ауылдағы ағайындардың жағдайын жақсы білмесе де «исі мұрнына» баратын, шаруаларға шындап жаны ашитын, қазақылық бойына сіңген нағыз МАМАН керек .
Анаркул Амангелдіқызы.