Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Автокөлік ішінен ұялы телефон ұрлаған ер адам анықталды

64қаралым

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, автокөлік жуу орнында тұрған көлігінен 280.000 теңге тұратын «Samsung» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен.
Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар келіп түскен бойда оқиға орнына бірден келіп жетті. Олар қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды. Көшедегі бейнебақылау камераларын тексерді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, осы қылмысты жасаған күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам терезесі ашық тұрған көліктегі ұялы телефонды көріп, ойы бұзылған. Содан бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалайды. Қолды болған ұялы телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Please follow and like us: