АБАЙ АУДАНЫ: МОБИЛЬДІК ТОПТЫҢ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында мобильдік топ карантин талаптардың орындалуын бақылау барысында, қалалық Бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтамай жұмыс істеп жатқан бірнеше кәсіпкерлік субъектілер анықталды. Атап айтқанда, қаладағы Қазиев көшесінің бойында орналасқан Рахат моншасы мен URBO кафе бары шекті уақытты сақтамағандығы және кальян қолдану фактісі тіркелді. Аталған жағдай...