ДЕР КЕЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН ОТАНЫҢ АРҚАСЫНДА НАУҚАС ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН АЙЫҚТЫ
Шымкент қалалық онкологиялық орталықта соңғы бір жыл ішінде кеуде қуысының қатерлі және қатерсіз ісіктерімен ауырған науқастарға торакоскопиялық әдіспен операция жасау әдістері кеңінен қолданылылуда. Мұндай операцияның ашық әдіспен жасалатын отадан айтарлықтай артықшылығы бар. Тіліксіз жасалған операциялардан кейін науқастар ота жасалған күні өздігінен тұрып жүруге қабілетті, операциядан кейінгі кезеңде наркотикалық анальгетиктерге қажеттілік...