«SHYMKENTCITY» ТҰРҒЫН ҮЙІНІҢ САПАСЫ ЖӨНІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
«SHYMKENTCITY» шағынауданындағы көп қабатты №1-21 тұрғын үйдің сапасы жөнінде тұрғындар өз өтініштерін қалдырған болатын. Аталған мәселені шешу мақсатында Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұловтың ұйымдастыруымен құзырлы мекемелермен бірлесе арнайы жұмысшы топ құрылып, көп қабатты тұрын үйлердегі орын алған техникалық ахуалдар зерделеніп, акт түзілді. Түзілген акт Шымкент қаласы құрылыс басқармасына және көп қабатты...