МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «ҚАЛАНЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛДЫРУ КЕРЕК»
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов магистральды жолдар мен саябақтарды абаттандыру және көшелердің тазалығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалады. Алдымен Бозарық айналма жолындағы көріктендіру жұмыстарын тексеріп, мердігерлердің жоспарымен танысты. Мұнда қазір ұңғымалар орнатылып, жер қопсытылуда. Жоба бойынша 13 мың шаршы метр айналма жолдың жиегі қазақы ою-өрнек эскизінде қызыл сальвия, лимонды тагетис...