Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

Шымкент қаласындағы «Достық» үйінің «Бірлік» алаңында қолға алынған мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысушылар саны артып келеді. Бүгінде 30-ға жуық этнос өкілдері аптасына екі рет бас қосып, қазақ тілін оқып-үйренуде. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» бірлесе қолға алған жоба аясында жастарға сабақтан, жұмыстан тыс уақытта тіл үйрену курсына...
ЖаңалықтарМәселе

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгеніне биыл 20 жыл толды. Осыған орай, облыс орталығында «Әлемдік мәдени мұраларды қорғау, сақтау және басқару» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 17-18 сәуір күндері ұйымдастырылған ауқымды шараға отандық және шетелдік, атап айтқанда Түркия, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан елдерінің тарих, реставрация,...
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ТҮРКІСТАН: «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНАН БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан облысына Солтүстік пен Шығыс өңірлерінен 80-ге жуық адамнан құралған делегация арнайы келді. Олар 3 күн бойы Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Қоныс аудару» жәрмеңкелеріне қатысып, түркістандықтарға ішкі көші-қон процесін түсіндіреді. Делегацияның сапары Мақтаарал ауданында басталды. Жәрмеңке 20 сәуір күні Сайрам ауданында жалғасса, 21-не Түркістан қаласында қортындыланады. Аталған жәрмеңкеге...
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Полицейлер көлігін нөмірсіз басқарған мас жүргізушіні анықтады

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында, күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Осындай кезекті қызметтік міндетін атқару барысында полицейлер, мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады. Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары көше бойынша мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз келе жатқан «Folkswagen-Golf» маркалы көлікті байқап, бірден тоқтатты. Жүргізушімен тілдесіп, құжаттарын тексеру кезінде...
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШУДА

Шымкентте құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр. Нәтижесінде қылмыс саны 2022 жылы (2021 жылмен салыстырғанда) 11 пайызға азайған. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының Полиция қызметкерлері азаматтардың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жазған өтініштеріне жүйелі түрде талдау жүргізіп, әрбір проблемалық отбасылармен кездесіп, профилактикалық жұмыс атқарып келеді. Бұдан бөлек, 2022 жылы полиция...
ЖаңалықтарМәселе

БИЫЛ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 70 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

Асфальттеу жұмыстары «Қайтпас», «Тұран», «Достық» шағынауданындарында, «Таскен», «Тассай» «Сайрам» тұрғын алаптарында, «Бозарық» саяжайында жүргізілетін болады. Сондай-ақ Қаратау аумағында 4 шағынаудандағы көшелерге шағал тас төсеу жоспарлануда. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары «Нұртас», «Тұран», «Қайтпас», «Мирас» шағынауданындарында, «Сайрам», «Мәртөбе», «Тассай», «Таскен» тұрғын алаптарында атқарылады. Жоспар бойынша 24 көшеге жарық жүйелері жүргізіледі. Сонымен қатар жыл...
ЖаңалықтарМәселе

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДА 13 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Биыл Түркістан облысындағы индустриалды аймақтарда 13 инвестициялық жобаның жүзеге асуы жоспарлануда. Жобалардың жалпы құны 5,8 млрд. теңгені құрайды. Нәтижесінде, өнеркәсіп алаңының іске қосылуы 375 адамның жаңа жұмыс орнымен қамтылуына мүмкіндік береді. Аталған жаңа кәсіпорындарда кеңсе жиһазын өндіру, асфальтті бетон, газобетон, темір бетон, керамзитті кірпіш, мобильді жылжымалы контейнер, темір есік, құрылыс...
ЖаңалықтарМәселе

ТҮРКІСТАН: ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ МЕН СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗДЫҢ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Түркістан облысында сұйытылған мұнай газының жеткілікті қоры бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиев мәлім етті. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Түркістан облысында сұйытылған мұнай газының басқа облыстармен салыстырғанда бағасы тұрақты. – Облыста сұйытылған мұнай газ таратушы 37 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген....
ЖаңалықтарМәселе

ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен арнайы жиында "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасын іске асыру тетіктері қарастырылды. Пилоттық жоба аясында қала аумағында 25 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады. Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде. Тиісті...
ЖаңалықтарМәселе

ШЫМКЕНТТЕ 209 ГЕКТАРҒА ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНҒАН

Соңғы кездері жылыжай шаруашылығына қызығушылық артып келеді. Қазір қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Бұл кешендерде жылына шамамен 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа сатылуда. Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде...
1 34 35 36 37 38 362
Page 36 of 362