ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Қолжетімді интернет» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру және инфляцияны төмендету жөніндегі кешенді шаралар қаралды. Отырыста халықты 100 Мбит/с деңгейіндегі интернет желісімен қамтуды көздейтін ұлттық жобаны іске асыру тетіктері пысықталды. Үкімет басшысы байланыс операторларының жауапкершілігін арттыра отырып, ел аумағында...