ШЫМКЕНТТЕ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ 6 КӨШЕГЕ АЯҚЖОЛ САЛЫНДЫ
Бұл жөнінде бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте баяндады. «Ағымдағы жылы 6 көшеге жалпы ұзындығы 2850 метр аяқжол төселген. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үй аулаларына және ішкі орамдық жолдардың бойына аяқжолдар орнату үшін зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 48 көшенің бойына 30 шақырым аяқжол салу қажеттілігі анықталып,...