ШЫМКЕНТТЕ 7 АЙДА 135 МЫҢНАН АСА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі. Бүгінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 27 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Басқарма мамандарының айтуынша, биыл жеті айдың ішінде мемлекеттік көрсетілген қызметтердің саны 135 276-ға жеткен. Оның ішінде халыққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациялары арқылы 34 104...