НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «ШЫМКЕНТ ЕСКІ ҚАЛАШЫҒЫ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ НЫСАНДА БОЛДЫ
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын «Шымкент ескі қалашығы» тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды. Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады....