Автокөлік ішінен ұялы телефон ұрлаған ер адам анықталды
Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, автокөлік жуу орнында тұрған көлігінен 280.000 теңге тұратын «Samsung» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар келіп түскен бойда оқиға орнына бірден келіп жетті....