ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕКЕЛІК АВТО ЖӘНЕ ВЕЛОШЕРУДЕ ЕЛІМІЗДІҢ КӨК ТУЫ ЖЕЛБІРЕДІ
4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні - ел тарихындағы айрықша маңызды мейрам! Елжандығымыз бен отансүйгіштігіміздің өлшемін айқындайтын осынау мерекеде Шымкентте бірқатар іс-шаралар жалғасуда. 23 мың жанкүйердің Әнұранды бірге шырқауымен басталған мейрам көк Туды желбіреткен авто және велошеруге ұласты. Тәуелсіздік саябағындағы Рәміздер алаңында Әнұран шырқалып, теңдігімізді айқындайтын Туымыз асқақтап, елдігіміздің белгісі...