ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХИ МҰРАСЫН ЗЕРДЕЛЕУДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
Түркістан қаласының жаңа мәртебесі Қазақстанның рухани астанасының тарихын, археологиясын және мәдениетін зерттеуді міндеттейді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев орынбасары Сәкен Қалқамановпен бірге белгілі ғалымдармен бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Археология институтының директоры, академик Б.Байтанаев, белгілі археологтар М.Тұяқбаев, А.Ержігітова, профессор, Қ.А.Ясауи атындағы МКТУ ғылыми-зерттеу орталығының директоры Д.Кенжетай Түркістанның жаңа тұжырымдамасын жасау үшін...