ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың төрағалығымен өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшылығы, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, аумақтық департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты. Алғы сөзінде әкім М.Әйтенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту аясында аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті....