ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРЛЫ БОРАННАН 400-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛҒАН
Түркістан облысында авариялық құтқару жұмыстарының нәтижесінде көлігімен жолда қалып қойған (17 ауыр жүк көлігі, 90 жеңіл автокөлік) 377 адам құтқарылды. Оның ішінде 75-і балалар. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Талғат Досалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Табиғи құбылысқа байланысты Департаментте шұғыл штаб құрылған. Өңірде республикалық маңыздағы автомобиль...