Президент қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Қадірлі отандастар! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Исламның тағылымы мол діни дәстүрі. Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді. Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді. Айт күндері мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, жақындарына амандық пен...