ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЭСТОНИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Эстония Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэспен кездесті. Жүздесуде Эстония мен Шымкент қаласының арасында цифрландыру және экономикалық іскерлік байланыстарды нығайту жолдары жан-жақты талқыланды. Эстония Еуропадағы ақпараттық технологияларды дамыту бойынша көшбасшы болып табылатындығын айтқан қала әкімі цифрландыру Қазақстанмен ынтымақтастықтағы маңызды бағыт екенін алға тартты....