Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҮШ ЖЫЛДА 792 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырым. Оның ішінде асфальтбетон жабынды – 2189,5 шақырымнан тұрады, қазіргі уақытта шағал тас – 935,6 шақырымды, топырақ жол 122,5 шақырымды құрайды. Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 68,1% пайызға тең. Қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл сайын басымдылық берілуде. Мәселен,...
Заң және қоғам

БИЫЛ САМАЛ-3 ШАҒЫНАУДАНЫНДА 14 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

 Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Самал-3 шағын ауданындағы Ізгілік көшесінен Юсупов көшесіне дейінгі аралықтағы Тыңдала көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Асфальт жабындысы төселетін көше ұзындығы 2,2 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, Қазақ ордасы, Алмалы бақ және Мәңгілік ел көшелерінде жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы биыл Самал-3 шағын ауданында...
ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДЕЙІН 9 БІЛІМ ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Бүгінде қалада 9 білім ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп пен 2 балабақшаның және колледж бен 2 арнайы мектеп- интернатының ғимараты жөндеуден өтеді. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов құрылыс алаңдарын аралап, жұмыс барысын қадағалады. 4-шағынаудандағы №78 орта мектеп ғимараты 2004 жылы салынған. Жобалық қуаттылығы 465 орындық...
ЖаңалықтарҚоғам

ҚҰРСАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Жаңа оқу жылында жаңа мектеп! Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай елді мекені Шаштөбе көшесінде жаңа мектеп құрылысы 2022 жылы басталған. Әл-Фараби атындағы білім ордасы 900 балаға арналған. Бүгінде құрылысы қарқынды жүруде. Жеке инвестордың есебінен салынып жатқан мектеп құрылысы 2023 жылы жаңа оқу жылында пайдалануға беру жоспарлануда. Шымкент қаласы әкімінің...
Заң және қоғам

ХАБАРЛАНДЫРУ

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпараттар жариялануда. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Сондай-ақ қазір қала әкімі М. Әйтеновтің лауазымдық қызметінде екенін хабарлайды. Сегодня в СМИ и социальных сетях публикуется ложная информация о смене акима Шымкента. Пресс-служба акимата...
ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 150-ДЕН АСА ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй кезегіндегі 168 отбасы арендалық баспанамен қамтылды. Оның ішінде 48 пәтер көпбалалы отбасыларға, 25 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 47, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 48 пәтер табысталып, келісім шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа баспаналар Тұран шағын ауданында орналасқан....
ЖаңалықтарҚоғам

БОЗАРЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 49 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР ТАРТЫЛУДА

 Қалада қазір тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінде Бозарық шағын ауданында 54 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов мегаполистің ауқымды құрылыс алаңына айналған аумақтағы жұмыстарды тексерді. Бүгінде мердігерлер мұндағы 49 тұрғын үйдің, 9 нысанның инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын атқаруда. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 5 нысанның құрылысын...
ЖаңалықтарҚоғам

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДА 10 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Биыл мегаполисте мемлекеттік бюджет есебінен 4090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда. Оның ішінде Тұран шағын ауданында ағымдағы жылы 1112 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге аталған шағын аудандағы құрылыс барысын қадағалады. Жыл басынан бері Тұрандағы 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің...
ЖаңалықтарҚоғам

Мемлекеттік қызмет көрсету 98 пайыз автоматтандырылған

Шымкент қаласы әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 172-ге жетіп, биыл 7 жаңа қызмет түрі қосылды. Мемлекеттік қызметтердің 98 пайызы автоматтандырылған. 2022 жылғы статистикаға сүйенсек, 155 қызмет электронды түрде көрсетіліп келген. Осыған байланысты, Шымкент қаласының әкімдігімен ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді толығымен автоматтандыру мақсатында 2022 жылдың қаңтар айынан бастап I-Shymkent.kz қалалық қызметтер...
ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ БАЛАҒА ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Шымкенттегі «Қамқорлық» №8 балаларға арналған әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бүгінгі күні 100-ге жуық бала қызмет алуда. Орталықта аутизм және аутистік спекторының бұзылыстары бар балаларға түзету-дамыту, қоғамға бейімдеу және әлеуметік оңалту шаралары көрсетіледі. Білікті мамандар сөйлеу тілінің жалпы дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді. Мамандардың айтуынша, арнайы педагог мамандардың жеке...
1 13 14 15 16 17 362
Page 15 of 362