ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысында 2023 жылы 33 мектептің құрылысын жүргізуге түрлі қаржыландыру көздерінен 23,6 млрд. теңге қаржы қаралды. Биыл 20 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 6 мектепті 1 қыркүйекте ел игілігіне ұсыну көзделіп отыр. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауға...