ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛАДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қаладағы бірқатар жол нысандарының құрылыс барысын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып көрді. Шаһар басшысы алдымен қаладағы Бәйдібек би даңғылы мен Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысында салынатын жолайрығын салу құрылысының жобасымен танысты. Жалпы Бәйдібек би – Арғынбеков көшелерінің қиылысында көлік жолайрығын салу құрылысының бірінші кезеңіне жауапты мердігер...