Мақатарал ауданындағы төтенже жағдайды естіген соң бей жай қарап отыра алмадық. Оқиғаны көзбен көріп халыққа шынайы ақпарат жеткізу мақсатында, біз қашанда халықпен бірге екенімізді ортасынан табылайық деген ниетте жолға шықтық.
ЖОЛДА НЕ КӨРДІК?
Карантин бітпей жатып тұрғындардың дегбірін алған көрші елдегі дамбаның бұзылуынан ауданның төрт ауылын су шайыпты. Көшедегі адамдардың аздығына көз үйренген бізге жолдағы ағылған көліктер назарымызды аударды.
Жылы жерді баспаналарын тастап кетіп жатқандар болар дедік. Ауданға жете берісте қырдың төбесіне шоғырланған халықты көріп тоқтап барып сөзге тарттық. Эвакуациялауды күтпей өз беттерінше жан сауғалапты. Көлігі жоқтарды көліктегілер сиғанша мінгізіп тасыған. (карантин, адамдар шоғырланбау деген әдіре қалған) Әрине, мынадай жағдайда адамдардың амандығы мен шығын болмауы көңілімізге демеу болды.
Қырдағы адамдарға барғанда көздерінде үрей бар, бірақ сенімдері мықты. Жақын маңдағы Ауыл тұрғындары нан, су, азық түліктер тасып үлестіруде екен. (бұл туралы менің ютуб парақшамда көруге болады). Алланың сауабын алу үшін жастар жағы белсенділік танытуда.
Алғыс жаудырған қариялар мен тілектерін жаудырған Мақтаралдық тұрғындар көмек қолдарын созған жандарға ыстық ықыластарын білдіріп көздеріне жас та алып жатты.
Аудан орталығына барғанда штабта өткізілгелі жатқан баспасөз жиынына қатысып тікелей эфирде көрсеттік. Дегенмен, облыс басшысы мен басқарма басшыларының барлығы халықпен бірге екенін көрсетіп бағуда. Қауіп сейілді деп айтуға ертерек. Бірақ өңір басшысы барлық көмек беріледі дегенді жеткізді.