Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒАН ЖҰМЫС ТОБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

81қаралым
Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлердің жылу мәселесін зерттеуге арналған жұмыс тобы алғашқы отырысын өткізді.
Құрамында жобалаушы-құрылысшы, аудан әкімдіктерінің мамандары, «Қуатжылуорталық» мекемесінің жауапты мамандарынан құрылған топ көпқабатты тұрғын үйлердегі жылу мәселесін зерделейді.
Жиында қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов тұрғындармен кездесіп, жылу өлшеуіш арнайы құралдарының жұмысына сараптама жасап, мән-жайды анықтауды жүктеді.
Арнайы жұмыс тобы қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, жылу жүйесімен жіті танысады. Нысандардың жылумен қамтылуы талапқа сай келмейтін жағдайда акт түзіліп, тиісті сала басшыларына ұсынылады.
Please follow and like us: