Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ANTIKOR.NEWS: ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

55қаралым

Мемлекет Басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жодауында сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алғандығын хабарлап, жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыру бойынша тапсырған болатын.

Осы ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауда.
Соның бірі, әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсынулар енгізіліп, ұжымда қаралуда.
Онлайн режимдегі кездесу Шымкент қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұжымымен өтіп, шараға Департамент басшысы А.Жұмағали мен оның орынбасарлары Т.Серікбаев және Б.Ұзынжас қатысты.

Шара барысында Абай ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін басқылау басқармасы басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық істің мән-жайы талқыланды. Онда аталған лауазымды тұлға карантиндік іс-шараларды сақтамағаны үшін кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара талап еткен. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша ауыптау үкімі шыққан.
Сонымен қатар, шара барысында іс-әрекеттердің себептері егжей-тегжейлі талқыланып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ұжымдарда парасаттылық қағидаттарын енгізу бойынша ұсыныстар енгізілді.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік органның басшысы еңбек ұжымындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға міндетті және мүдделі болуы тиіс екендігі басшылықтың назарына жеткізілді.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тәулік бойы 1424 CaII-орталығы жұмыс жасайды. Лауазымды тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, жымқыру, өкілеттілігін асыра пайдалануға тап болған кез келген азамат осы номерге хабарласа алады. Мамандар хабарлама қабылдайды, кеңес береді және міндетті түрде тиісті шаралар қабылданады.

 

Please follow and like us: