92
Шымкент қаласындағы «Тепличный рай» агро-индустриялық аймағындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
90 гектарды алып жатқан аумақта 2 кезең бойынша 28 жоба іске асады.
Бүгінгі таңда жерге арналған мемлекеттік акт алынып, 12 жылға жер жалға берілді. І кезеңде 8 жоба жүзеге асырылып, 450 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Атап айтқанда, «Таза өнім» ШҚ, «ASM Corporation» ЖШС, «Татыбаева» ЖК, «AIDI Agro Trade» ЖШС, «Agro Trade» ЖШС, «Колесников» ЖК, «High Yield» ЖШС, «Nur Alem» ЖШС-ы инвестор ретінде танылды.
2022-2025 жылдары екінші кезеңге сәйкес 20 жоба қолға алынып, 1050 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Please follow and like us: