Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ЖАНЫНА БАТҚАН ҚАЙҒЫ, МЕНІҢ ДЕ БАСЫМА ТҮСКЕН НӘУБЕТ ДЕП БІЛЕМІН

58қаралым

«Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», — деп Қ. Тоқаев халыққа үндеу жолдаған еді.

Ия, дәл қазір еліміздегі эпидемиологиялық жағдай қай-қайсымызға да оңай тиіп жатқан жоқ, Қытайдан келген алапат «тәжтажал» әрбір отбасын алаңдатып отыр. Соңғы кездері індеттің ілігіне ілініп бақилық болып жатқан азаматтардың қазасы қабырғамызды қайыстырып отыр.

Бұл ауыр күндер Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының да жанына батуда. » Әрбір қазақ, жалғызым» деп білетін мемлекет басшысы сол себепті де 13-шілдені қаралы күн деп жариялады.

Бұл Қ.Тоқаевтың көрегендігі мен елін сыйлар ер екендігін тағы бір рет көрсетті. Сондықтан да қара жамылып, жақынынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып мен де көңіл айтамын. Еліміздің жарқын күндерін төрт көзіміз түгел көруді жазсын.

Аман болайық! Әлемді шарлаған індеттен барынша қорғанып, сақ болайық!

 

Алина СОЛОВЬЕВА,
Мұғалім, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері

 

 

Please follow and like us: