103
Жалпы Әл-Фараби ауданы қаламыздың ең орталық ауданы болып саналады. Бүгінде аудан тұрғындарын ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7 пайызды құрайды.
Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша онлайн режимде халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтты.
Атап айтар болсақ, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму картасына сәйкес, ауданда 195 орамды инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз ету жұмыстары 2020 жылы жүргізілген. Бұл елдімекенде жеке тұрғын үй салу үшін 600 жер учаскесі берілді. Бүгінгі таңда 300 тұрғын үй құрылысы жүргізілді.
— Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан 195 орамды электр жарығымен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 253 млн. теңге, ал сапалы ауыз сумен қамту үшін 301,2 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні аталған жұмыстар толығымен аяқталып, тұрғындар игілігіне берілді. Табиғи газбен қамту жұмыстары 2021 жылға қарастырылған, — деді аудан әкімі.
Ғабит Патшаханұлының айтуынша, «Сәуле» шағынауданы 276 орам жаңа құрылыс аумағында халық саны 680 адамды құрайтын шамамен 153 тұрғын үй құрылысы жүргізілді. Бұл аумаққа сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында, жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға бюджеттен 59 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталды. Ал 276 орамды электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сым және қуаттылығы 160 кВт көтеретін трансформатор орнатылып, 150-ге жуық жеке тұрғын үйлер электр қуатымен қамтамасыз етілді.
Одан бөлек, жоғарыда аталған аумақты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, демеушілер тарапынан 350 метрге жуық су құбырының қазба жұмыстары жүргізіліп, сапалы ауыз су жүйесі тұрғындардың игілігіне берілді.
«Текесу» тұрғын алабы бүгінгі күні электр жарығымен және табиғи газбен толық қамтылған. 2020 жылы Текесу тұрғыналаптағы су құбыры желісінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.
Please follow and like us: