59
Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтты.
Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Ол тұрғын үйлер 400 аулаға біріктірілген. 2016-2020 жылдар аралығында 233 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілді.
Нақтырақ айтсақ, 2019-2020 жыл аралығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында аудан аумағындағы 100 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізілсе, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» жобалары аясында аудан аумағындағы 85 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар игілігіне берілді. Бағдарлама аясында 393 азамат жұмыспен қамтылды.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін, тұрғын үй аулаларына жаңадан орындықтар, қоқыс жәшіктері, беседкалар, тренажерлық комплекстер, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын жабдықтары қарастырылып, қойылды.
Ғабит Патшаханұлынң баяндауынша, аудан аумағындағы ойын жабдықтары ескірген аулаларды қайта абаттандыру, жаңарту үшін аудан аумағындағы 100 аулаға сметалық құжаттамалар әзірленді, алдағы уақытта қаржы қаралған жағдайда жұмыстар атқарылатын болады. Аталған жұмыстар орын алған жағдайда жалпы аудан көлеміндегі аулалар 100% жаңартылатын болады.
Сондай-ақ, аудан аумағында 33 спорт алаңшасы орнатылған. Өткен жылы 18 спорт алаңшасында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында аудан аумағына 18 воркаут алаңшалары орнатылды.
Please follow and like us: