65
Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беру кездесуі кезінде мәлім етті.
Аудан әкімі өз баяндамасында көшелерге орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы айтты.
Оның айтуынша, 2020 жылы аудан аумағындағы 21 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба аясында «Бадам», «Забадам» шағынауданында 6 көше, «Текесу» тұрғын алабы 1 көше, орталық аумақта 14 көшеде жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Аудан бойынша 404 көшенің ұзақтығы 282 шақырым жолдың, 224 шақырым жол асфальтталған.
— Жалпы 13 көшеде аяқжол орнату жұмыстары жүргізілді. Жоба аясында «Бадам», «Забадам» шағынауданында 6 көше, «Текесу» тұрғыналабында 1 көше, орталық аумақта 6 көшеде аяқжол салу жұмыстары мен 7 көшеде жалпы ұзындығы 17,8 км веложол құрылысы аяқталды.
«Сәуле» шағынаудандағы 2 көше жөнделсе, орталық аумақтағы 3 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек, «Түркістан» көшесінен А-2 жолына дейін, Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары және Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшелеріндегі қиылысқа айналма жол салу жұмыстары атқарылуда, — деді аудан әкімі.
Айта кетейік, аудан аумағындағы топырақ жолдарды болдырмау мақсатында 276 орамдағы топырақ жолдарға 4,9 км шағал тас төселді. Бүгінгі күні аудан аумағындағы 70 көшеге атап айтқанда, «Сәуле» шағынауданында 11 көше, «275 орам» 3 көше, «Забадам», «195 орамда» 5 көше, «Текесу» тұрғыналабы 8 көше, «Ақтас» шағынауданы 5 көшеге асфальт төсеу қажет ететін болса, қала орталығының 38 көшесіне жөндеу жұмыстары қажет етуде. Қазіргі таңда тиісті басқармамен жұмыстар жүргізілуде.
Please follow and like us: