
106қаралым
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтің тапсырмасымен департаментте тергеуші әйелдерге тергеу амалдарын жасауға қызметтік бөлмелер берілді. Бұл туралы ordainfo.kz порталы Шымкент қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетовтің тапсырмасы бойынша Тергеу басқармасында әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жайттар бойынша қылмыстық істерді тергеуші әйелдер тергейтін екі қызметтік бөлме ашылды. Аталған қызметтік бөлмелерде тәжірибелі жауапты қызметкерлер бекітіліп, тиісті жұмыс атқарылып жатыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек тергеуші әйелдер жұмысымен танысу үшін арнайы келді. Департамент басшысы Е.Жумаханбетов Айгүл Орынбекке ашылған арнайы қызметтік бөлмелерді көрсетіп, оның маңыздылығын және тиімділігін айтты. Осы бағыттағы жұмыс бойынша бірқатар мәселе талқыланды.
Еске салсақ, 2021 жылдың 25 ақпанында Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтті. Отырыс барысында: «Мен Айгүл Орынбектің бастамасын атап өткім келіп отыр. Ол әйелдер мен балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстары бойынша әйел тергеушілерді мамандандыруды ұсынды. Бұл жәбірленушілерге біржақты көзқарасты болдырмауға мүмкіндік береді», — деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Please follow and like us: