67
Шымкентте Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының аумағында карантиндік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Абай ауданы бойынша мобильдік топ мониторинг барысында «Павлин» тойханасында жиын өткізген жағдайды анықтады. Тойхана иесіне карантиндік талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Сонымен қатар, Көмешбұлақ базарында орналасқан дүкендер мен асханаларға карантиндік талаптарды сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Карантин талаптарын сақтамаған 3 кәсіпкерлік нысанға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Мобильдік топ базар әкімшілігіне карантин талаптарын қатаң сақтау бойынша ескертулер жасады.
Please follow and like us: