Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет

АҚСАҚАЛДАРДЫҢ АҚ БАТАСЫН АЛДЫ

67қаралым

«Көрісу – жаңа өмір, жаңа күн» салтанатты шарасы Астана алаңы, Абай саябағымен қатар Арбат алаңында да аталып өтті. Жиынға Шымкент қалалық орыс драма театры мен опера және балет театрының, тілдерді оқыту орталығы, А.Пушкин атындағы кітапхана мен жасөспірімдер кітапханасының, «Шымқала» кешені, арнайы кітапхана мен Ерлік музейінің қызметкерлері қатысты.

Мәдениет саласының мамандары Амал меркесін ерекше ықыласпен атап өтті. Алаңның екі басынан домбырамен әуендетіп шыққан өнерпаздар орта тұсында көрісіп, қауышты. Екі жақ бір-біріне амандық-саулық тілеп, қариялар ақ батасын берді.

Айта кетейік, Абай саябағы, Астана мен Арбат алаңынан бастау алған көрісу шарасы Шымкент қалалық орыс драма театрының базасында жалғасты. Үш нысаннан жиылған Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 20-дан астам мекеме қызметкерлері әннен шашу шашып, ерлер ұлттық ойындарға қатысып, бақ сынады.

Please follow and like us: