Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ БАСТАЛДЫ

60қаралым
Түркістанда Халықаралық симпозиум басталды. 27-28 сәуір күндері Түркияның үздік хирург дәрігерлері екі күн бойы өз тәжірибелерімен бөліседі. Шара барысында «балалардың туа біткен» аурулары мен «сүт безі қатерлі ісігін» ота әдісімен емдеу мәселелері талқыланбақ.
Айта кетсек, симпозиумға Түркияның «Лив Улус» клиникасының білікті дәрігерлері арнайы келді. Бүгінде Түркияда аталмыш мекеменің 17 қалада 37 ауруханасы бар. Жиында алғашқы болып хирургия саласында 33 жылдық тәжірибесі бар Селами мырза сөз сөйледі. Айтуынша, пандемия жағдайында B2B форматында кездесу ұйымдастыру дәрігерлер үшін зор мүмкіндік.
«Бүгінгі кездесу біз үшін өте маңызды. 33 жыл хирургия саласында қызмет етіп келемін. Менің Қазақстаннан келетін науқастарым көп болған. Бір байқанаым қазақстандық дәрігерлердің тәжірибесі мол. Сондықтан бүгінгі жиын барлығымыз үшін пайдасы зор. Біз өзара тәжірибемен бөлісіп, біліктілігімізді арттыратын боламыз»,- дейді профессор Селами Сезюбир.
Сондай-ақ, шараға Түркістан облысының дәрігерлері де қатысуда. Аймақта бүгінде жалпы 23 429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Елімізде жыл сайын ана мен бала денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Президент Жолдауларында, денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған бағдарламаларда бұл мәселе назардан тыс қалған емес.
Please follow and like us: