Яндекс.Метрика
ҚоғамҚоғаммен тікелей эфирМәселе

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ОНЛАЙН БОЛА МА?

131қаралым

Карантиндік режимге байланысты барлық сала онлайнға өткені белгілі.Сабақ та онлайн өтіп, ата аналар мұғалімдердің мәртебесін «көтеріп ақ» тастады. Мұғалімдердің қадірі артып, балаға сабақ берудің қаншалықты қиын екеніне көз жеткізіп, ата аналардың милары «суға» айналып, желіде түрлі жазбалар пайда бола бастады.

Шындығында ұстаздың қадірі қашып, «қолбалаға» айналып кету қаупінің алдында тұрғанда бұл да бір сынақ болды. Кім көрінгеннің «мазағына» айналып, «бай бағландардың» айдауына көну қаупі мен оқушылар алдындағы қадір қасиеті жоғалып кете ме деген үрейдің болғаны жасырын емес. Тәжвирустың «жақсы» жағы жалғыз осы болды ау? Оқушылар мен ата аналар алдында ұстаз деген қандай қасиетті ұғым екенін ұғындыру. Ұстаз сыныптағы 25 балаға иелік етіп отырғанда үйдегі 5-6 балаға жынды бола жаздаған ата аналар күзгі оқудың басталуын асыға күтіп отырғаны да жасырын емес.

Коронавирустан құтыла алмай отырғанда Түркістан өңіріне бірінен соң бірі апаттың орын алуы жазғы лагерьлердің де жолын жауып тастады. Мақтаарал аудандағы су тасқыны салдары бір ғана ауданға емес облысқа үлкен сын болғаны тағы бар. Арыстағы жарылыс кезінен «айыға» алмай жүргенде су тасқыны бірнеше ауданда орын алып, облыс басшысын тағы да бір «сынап» алғанын көріп жүрміз. апаттан әбден «ысылған» Шөкеев те сыр алдырар емес? Шөкеевтың шыдамдылығына өзім тәнттімін. Аяғына киген «ботимен» лай батпақты кешіп халық жағдайына алаңдап жүргенін талай куә болдық. Жарылыс кезінде көшіп барған облыс басшысы халықтың ортасынан табыла білгені де елге деген жанашырлығы болар?

 

«Көш жүре түзелер» кеткен кемшілік болса пендешілік деп емес бұндай жағдайды түсіністікпен қарау дер едім? Мақтаарал аудандағы су тасқыны кезінде бүтін бір ауыл үй күйсіз қалса да мойымаған ел ақыры жақсылықпен бітсін деп тілеуде. Жомарттығы мен ынтымағы қатарласқан халық жанашырлары билікке ғана салмақ салмай қаражат аударып, көңілдері құлазыған халыққа демеу берген әрбір кәсіпкерлер мен еріктілерге Алла тек жақсылығын берсін дейміз.

Енді өзекті мәселеге ойыссақ:

Барлығы онлайн өтіп жатқанда балдарымыздың демалысы қалай болмақ?  Өзге жақа қыдыруға қорқыныш жеңіп тұр, ал лагерьлерге жіберу мәселесі шешімін таппай ол тұр… 3 айды асыға күткен ата аналардың қуаныштары су сепкендей басылды. Себебі, лагерьлерге тек су тасқыны зардап шеккен аудан балдары ғана жіберілуде екен.. Неге? Барлық лагерлерді аздан болса да ашу жолы қарастырылмады? Неге балдар тиісті демалыстарын дұрыс өткізе алмауда? Сонда жазғы демалысты да онлайн өткіземіз бе?

—Балалардың лагерь мәселесі қалай шешілуде? көп балалы отбасынан шыққан балаларға жолдама бар ма? Бар болса қай лагерьлерге? неге балаларды білім бөлімі алалайды? Балаларым ыстық күнде үйде отырғысы келмей демалысқа барғысы келуде. неге жолдама тек су басқан елді-мекендерге ғана бөлінген?-деген сауалдар келуде? Ендеше, балдардың демалысын ұйымдастырып лагерьге жіберу шешімін тапса деген тілек….

Анаркүл Амангелдіқызы

Please follow and like us: